1-Қыркүйек "Білім күні" » Қойшыбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қойшыбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-Қыркүйек "Білім күні"
01
сентябрь
2021

1-Қыркүйек "Білім күні"


Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауымы алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.Мектебімізде "Кел балалар оқылық" атты салтанатты жиын өткізілді. Бүгінгі жиын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Оқушыларға салтанатты түрде "Әліппе" оқулығы табыс етілді. Сонымен бірге 1- сынып оқушыларына Bolatkhan Zayadan  Заядан Болатхан Қазыханұлы демеуші болып 1-сынып оқушыларына ертегі кітаптар мен түрлі-түсті қарындаштар, жетім балаға сөмке және оқу құралдарын алып берді. Салтанатты жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып, өз деңгейінде өтті.
Показать перевод