Ахмет Жұмағалиұлы Өмірзақпен кездесуі » Қойшыбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қойшыбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Жұмағалиұлы Өмірзақпен кездесуі
01
март
2023

Ахмет Жұмағалиұлы Өмірзақпен кездесуі

Шуаққа толы  қасиетті жұмада ақпанның 24-і күні мектебіміздің «Шұғыла» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі және кітапханашының ұйымдастыруымен ақын АхметЖұмағалиұлы Өмірзақпен кездесу өтті.  Ахмет Өмірзақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  Төлеген Айбергенов атындағы сыйлық пен Керімқұл шешен атындағы сыйлықтың лауреаты. Сондай-ақ, «Ақиқаттың рухы»  атты поэзия кітабы мен «Парасат парақтары» атты (Бегабат Ұзақовпен бірігіп жазылған) көрнекті жазушы Молдахмет Қаназ шығармашылығына арналған әдеби-эсселер кітабының авторы.
Кеште ақын өлеңдері мен өмір жолын оқушылар жатқа оқып, әнмен көмкеріп, жырмен зерледі. Ақын оқушыларға кітап оқудың болашақта берер пайдасы мен кемел келешектің негізі екенін түсіндіріп, өз өмір жолынан мысалдар айтты. Ауған соғысының аяқталғанына 34 жылдығы орайында өрбіген сұрақтарға жауап берген ақын өзінің ауған жерінде өткен екі жылдық өмірінен үзінді әңгіме айтты. Оқушылар қойған сұрақтарға көркем мысалдармен жауап беріп, кештің көрігін қыздырды. Кеш соңында оқушылар ән мен күйден шашу шашып, естелікке ақыннан қолтаңба алды, суретке түсті.

Похожие публикации:

09 февраль 2023 Мұқағали Мақатаев
16 сентябрь 2022 "Толағай"