Атестациядан өтетін мұғалімдер «Даму» бірлестігінің онкүндіктің қорытынды есебі » Қойшыбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қойшыбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Атестациядан өтетін мұғалімдер «Даму» бірлестігінің онкүндіктің қорытынды есебі
25
ноябрь
2022

Атестациядан өтетін мұғалімдер «Даму» бірлестігінің онкүндіктің қорытынды есебі

Қойшыбек орта мектебі

Атестациядан өтетін мұғалімдер «Даму» бірлестігінің

онкүндіктің қорытынды есебі

Бірлестік жетекшісі:Шолпанкулова Ақмарал Мэлсовна

Математика пәнінің мұғалімі


Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі ел тірегі. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр»- дегенін естен шығармауымыз керек.Жаңа ғасыр  ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибелерімізге,бай мұраларымызға

талдау жасалынып,жіктеліп,ойларымыз қорытылып,нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу-өмір талабы «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең соны орасың»-дейді қазақ нақылы.Бүгінгі таңда,баланың оқуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды, жаңаша оқытуды талап етеді.Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі-сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

«Қойшыбек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 14.11– 25.11.2022 ж. аралығындағы «Даму» бірлестігінің «Шығармашылығымды шыңдаймын» тақырыбында  мектебімізде онкүндігі өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты: «Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттарына өтуі үшін талаптарға сәйкестік деңгейін анықтау және кәсіби жетістіктерін кеңейту».


Онкүндік мынадай жоспарда құрылды:

Рет.№

Өтілетін іс-шара

Сынып

Мерзімі

Пәні

Жауапты


1.

1.

Онкүндіктің ашылуы


14.11.22ж

12:00


Бірлестік мүшелері


 Өтілетін үлгілі сабақтар:


2

1.

«Ғ дыбысы мен әрпі»


1а

16.11.22

09:40

Әліппе

Қаптауын Жәнібек



2.

«Рационал сандарды бөлу»

17.11.22

15:40

Математика

Есенгулова Нургул



3.

«6 санын қосу және азайту»

1а

18.11.22

09:40

Математика

Қаптауын Жәнібек



4.

«Жай бөлшектерді қосу және азайту»

5а

18.11.22

14:50

Математика

Есенгулова Нургул



5.

«Диалект сөздер.Астана-әсем қала»

6а

18.11.22

14:50

Қазақ тілі

Орашбаева Гүлия      



6.

«Квадрат теңдеулерді шешу»

8а

21.11.22

11:25

Алгебра

Шолпанкулова Ақмарал        



7.

«Составная задача время»

22.11.22

13:05

Математика

Имангалиева Алмаш



8.

«Металдардың жалпы формуласы»

22.11.22

11:25

Химия

Ерболатова Анар 



9.

«Даланың тұңғыш қоңырауы»

22.11.22

14:00

Қазақ әдебиеті

Орашбаева Гүлия



10

«Сызықтық функция және оның графигі»

23.11.22

Алгебра

Шолпанкулова Акмарал



11

«Химиялық реакция теңдеулері бойыншаесептер шығару»


9а

23.11.22

08:00

Химия

Ерболатова Анар 



12

Адам өмірінің кезеңдері

24.11.22

10:35

Жаратылыстану

Қаптауын Жәнібек



13.

«Суффиксы –оньк,-еньк»

25.11.22

14:00

Русский язык

Имангалиева Алмаш


Қорытынды


3.

1.

Шығармашылығымды шыңдаймын(мектепішілік семинар)


25.11.22

12:00-13:00


Бірлестік мүшелері




\Бірлестік жетекшісі: Шолпанкулова А



 Құрылған жоспарға сай мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.Сабақтарға мұғалімдер, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.


«Қойшыбек орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Қаптаұын Жәнібектің 18.11.2022 күні 1 «А» сыныбына математика пәнінен «6 санын қосу және азайту» тақырыбы бойынша өткізген ашық сабақты талдауы     

Бұл сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспардың «2А. 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту» бөлімі бойынша №42 сабақ. Сабаққа 27 оқушыдан 24 оқушы қатысты, 3 оқушы ауырған себепті қатыспады.                                                                                                                            Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін     құру, білу және қолдану;1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.Оқыту мақсаттарынан туындаған сабақтың мақсаттары:                                                                          6 санын қосу және азайтудың алгоритмін үйренеді.                                                                                            Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, есептеулер жүргізеді.                                                                                                        Сандардың құрамын анықтап, мысалдар құрастырады.                                                                  

Сабақтың басы психологиялық ахуалдан басталып, соңына дейін барлық кезеңдер сақ- талып, уақыт мөлшерінде ауытқушылық болмай өтті. Мұғалім сабақта оқушылармен қат- ар бойынша, өздік, жеке, жұптық жұмысқа бағытталған тапсырмалардың бәрін қамтыды. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасап, қалыптастырушы бағалауды түрлендіріп қол- данып отырды. Сабақта төмендегі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. 

  • «Қатарға тұр» дидактикалық ойын әдісі (әр қатар өздері таңдаған сандар бойынша қосу мен азайту амалдарына     мысалдар құрастырып айтты.)
  • «Көрнекілік» әдісі (6 санын қосу мен азайтуды түсіндірді.) 
  • «АКТ» әдісі (сергіту сәтін өткізді)
  • «Аялдама» әдісі (7,8,9,10 сандарының құрамына мысалдар құрастырып айтты.) 
  • «Түсті құтылар» әдісі (жасыл, сары, қызыл құтылар сабақтың соңы рефлексияда қолданды.)                                                                            

        Оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Әсіресе, «Қатарға тұр» дидактикалық ойын әдісі арқылы берілген тапсырманы дұрыс орындады. Сонымен қатар білімалушылар қосу мен азайтудың компоненттерін жаңылмай дұрыс атап берді. Мұғалім оқушылардан  сандардың құрамын түрлендіріп айтып беруді талап етіп отырды. Ол жүзеге асты.     Оқушылардың математикалық терминдерді қолданып сөйлеуіне көңіл бөлді. Мұғалімнің нәтижеге бағытталған осындай     іс-әрекеті мен уақытты тиімді пайдаланған үшін сабақтың мақсатына жетті.                                                                                                         Сабаққа 8 мұғалім қатысты.                                                                                                                Шолпанкулова Ақмарал: – Сабаққа қатысудағы мақсатым қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен оны қолданудың жолдарын бақылау болған. Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін ұтымды қолданды. Сабақты көрнекілік әдісі арқылы түсіндіргені қатты ұнады. Балалар қосу мен азайтудың компоненттерін жақсы меңгерген.                                                                                                                              Оған Майрагүл:  – Сабақтан жақсы әсер алдым. Сабақ ұнады.  Осы пікірге мен де қосыла мын деді – жас маман Ерболатова Анар.                                                                                                                                                                                                                                                                   Секлибаева Гүлім: – Сабақтың құрылымы мен кезеңдері сақталған. Бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі нақтыланып отырды. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасап, қалыптас- тырушы бағалау жүргізіп отырды. Ең ұнағаны сабақтың  ғылымилық жағы басым болды. Мұғалім  математикалық тілдіе сөйлегені ұнады. Ұсыныс айтылмады.                                                                              

«Қойшыбек орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Қаптаұын Жәнібектің 16.11.2022 күні 1 «А» сыныбына әліппе пәнінен «Ғ ғ дыбысы және әрпі» тақырыбы бойынша өткізген ашық сабақты талдау    

Бұл сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспардың «Әліппе кезеңі» бөлімі бойынша №60 сабақ. Сабаққа 27 оқушыдан 25 оқушы қатысты, 2 оқушы ауырған себепті қатыспады.   Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:                                                                                 1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;                                                                                                                 1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;               1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;                                         1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен  байланысын     көркем жазу.Оқыту мақсаттарынан туындаған сабақтың мақсаттары:Ғ ғ дыбысы және әрпімен танысады, сөздегі орнын анықтайды, буындап, дауыстап,түсініп оқиды. Мұғалімнің қолдауымен сөйлемдегі сөз сызбасына сәйкес сөзді тауып оқиды және буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Ғ ғ әрпінің үлкен және кіші түрін жазбаша жаза- ды, ғ әрпі бар сөздерді жазады.

      Сабақтың басы психологиялық ахуалдан басталып, соңына дейін барлық кезеңдер сақ- талып, уақыт мөлшерінде ауытқушылық болмай өтті. Мұғалім өткенді пысықтау мақсаты- нда таңдау әдісі арқылы өткен 25 әріпке дыбыстық талдау жасатты. 6 бала қата жіберді. 4 оқушы жекелеп берген тапсырманы сәтті орындады. Мұғалім сабақта айтылым, тыңда- лым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың бәрін қамтыды. Әр тапсырмадан кейін оқушылармен кері байланыс жасап, қалыптастырушы бағалауды түрлендіріп қолданып отырды.                                                                                                          Сабақта төмендегі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. 

  • «Аялдама» әдісі (өткен әріптерге дыбыстық талдау жасатты.)
  • «Миға шабуыл» стратегиясы (жаңа сабақтың мақсаттарын айқындауда сұрақтарға жауап алды.) 
  • «Таңдау» әдісі (дыбыстар мен әріптерді анықтады.)
  • «Тәжірибе» әдісі (сөздегі ғ дыбысының орнын анықтады)
  • «Алма жинау» әдісі (сабақтың соңында рефлексия жасады.)                                                                           

        Оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Әсіресе, ғарыш туралы     сөз қосғағанда  бірнеше оқушы өздерінің көзқарастары мен ойларын нақты жеткізе алды. Еліміздің ғарышкерлерінің аттарын дұрыс атады. Оқылым кезеңінде әріптеп оқу, буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу түрлері жүзеге асты. Оқылым дағдылары әлі де қалыптаспаған 4 оқушымен (Айсана, айсұлу, Саян, Айша) жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім оқушылардан  жауап берген кезде бір сөзбен емес, сұрақ бойынша толық жауап беруді талап етіп отырды Оқушылардың байланыстырып сөйлеуіне, жауаптың нақтылығына көңіл бөлді. Жұмыс  дәптерде берілген жазылым жұмыстарын орындады. Жазылым дағдысы қалыптаспаған оқушыларға кері байланыс берді. Оқылым, жазылым дағдыларының тапсырмаларын бұ- рын орындаған 5 оқушыға ұсынған саралау тапсырмасы жүзеге асты. Мұғалім жоспарла- ған іс-әрекеті мен сабақтың мақсатына жетті.                                                                                                        Сабаққа 8 мұғалім қатысты.                                                                                                                               Рыспаков Мейрамбек:  – Ер азаматтың бастауыш сыныпқа мұғалім болғаны қызықтыр- ған. Сабақта бір де бір оқушы қарап отырмады, бәрімен жұмыс ұйымдастыра білетінін көрдім. Өзіме мотивация алдым және тәжірибе жинадым. Әсіресе, балалармен қарым-қатынасы, өзін ұстауы ұнады. Уақытты тиімді пайдаланды. Айтар ұсынысым жоқ.                                                                                                                 Имангалиева Алмаш: – Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың бәрін жұмысқа қам- тыды. Оқушылардың жатқа айту дағдысы мен оқылым дағдыларының қалыптасқанын бай қадым. Тек қана тақтамен жұмыс болмады.                                                                                                                                                           Секлибаева Гүлім: – Маған сабақ ұнады. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасап, қа- лыптастырушы бағалау жүргізіп отырды. Жазылымға берген тапсырмаларды оқушылар- дың басым бөлігі орындады. Жазу үлгілері қалыптаспаған балалар да бар екенін байқадым Өйткені қазір әліппе кезеңінде ғой.                                                                                                  Акбергенова Майраш: – Сабақтың басындағы психологиялық ахуал қалыптастыру кезе- ңі сәтті болды. Бұл күнделікті сабақта көрініс табатыны көрініп тұр. Оқушылардың жатқа айту дағдылары керемет ұнады. Өйткені бір де бір бала қалыс айтпады. Сабақтың кезеңде- рін де ауытқушылық болмады. Сізге рақмет. Ұсыныс айтылмады.  

Химия пәні мұғалімі  Ерболатова Анар Ерболаткызы,23.11.2022ж күні 8 «А» сыныбында «Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:Химиялық реакция теңдеулерін құра алады.Заттың массасы мен зат мөлшерін табады.Көпшілік оқушылар үшін:Күрделі химиялық реакция теңдеулерін жаза алады,реакциялар арқылы заттың массасын ,зат мөлшерін және молекула санын анықтайдыКейбір оқушылар үшін:Химиялық реакция теңдеулеріне сандық есептер шығарады,түрлендіріп қолдана алады.

            Сабақ мақсатына жету үшін төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданды:

Сабақтың басында оқушылармен амандасып, түгендеді. Психологиялық ахуал тудыру үшін  «Уәде беремін!»Шаттық шеңбері.Бұл шаттық шеңбері мұғалімнен бастап өз уәдесін береді.Дәл солай шеңбер бойымен оқушылар өздерінің уәдесін береді.Бағалау парағы таратылады.

Формула арқылы  3 топқа бөледі:«Зат мөлшері»,«Мольдік масса» , «Масса»

Үй жұмысын «Cұраққа жетіп ал» әдісі арқылы үй тапсырмасына шолу жасау.  «Лездік» сұрақтар

Жаңа сабақты есепті екі-үш мысал арқылы түсіндірді.Келесі тапсырма топтық жұмыс болды.Үш топқа есеп берілді, топ бойынша есепті шығарды.Сосын оқушылар тақтаға шығып есепті қалай шығарғаны туралы айтып берді.Дескриптор 2 балл берілді.

            Келесі тапсырма жеке жұмыс болды. «Кубизм» әдісі арқылы кітаптағы есепті кубикка жазды.Кубикті тастау арқылы кай есеп түсті сол есепті оқушылар шығарды. ҚБ: «ҚҚҚ» әдісі өзін-өзін бағалау Мен үшін -Қызық,мен үшін- Құнды,Мен үшін -Қиын.

Кері байланысқа «Тазалық» әдісі арқылы сабақты қортындылау мақсатында оқушылар сабаққа деген көзқарасын,рефлекциясын жазып,тақтаға ілді.

Сабаққа қатысқан мұғалімдердің ұсыныстары:

        Акбергенова М.Р: Сабақта оқушылар есепті жақсы түсінді. Барлық есепті пропорция арқылы ғана көрсеттің.Формула бойынша бір есепті көрсетіп кетуің керек еді.Қалыптастырушы бағалау болмады.

Секлибаева Г.Н:Кітаппен жұмыс болды.Тақтаны пайдалануға байланысты кемшіліктер болды. Қалыптастырушы бағалау аз болды.Көрнекілік аз болып қалды.

Есенгулова Н:Сабақ жақсы өтті.Есепті оқушылар шығара алды.Формуланы біледі.Қалыптастырушы бағалау болмады.

Химия пәні мұғалімі Ерболатова Анар Ерболаткызы, 22.11.2022ж күні 9 «А» сыныбында «Металдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 9.1.4.2 -металдарға тән физикалық  және  химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар : Металдарға тән физикалық  қасиеттерді сипаттайды.Көпшілік оқушылар үшін:Металдарға тән физикалық  қасиеттерді сипаттайды Кейбір оқушылар үшін: Металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін анықтайды

            Сабақ мақсатына жету үшін төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданды:

Сабақтың басында оқушылармен амандасып, түгендеді. Психологиялық ахуал тудыру үшін  «Журектен журекке» әдісі  арқылы бір-біріне жылы лебіздерін айтып шықты.Бағалау парағы тратылды әр оқушыға.

Элементтердің таңбалары арқылы  екі тoпқa бөлді. 

1. «Сілтілік металл»

2. «Сілтілік жер металл»  


Оқушылардан үй жұмысын сұрады.Үй жұмысы «Әуенді қобдиша» әдісі арқылы оқушыларға жеке-жеке өткен тақырыпты сұрап шықты.Яғни, оқушылар қобдишаны бір-біріне лақтырып,әуен тоқтаған кезде қобдиша кімнің қолында қалады сол оқушы сұраққа жауап беріп отырды.Осылай барлық оқушыны сұрап шықты.

ҚБМадақтау арқылы болды. Жарайсың! Тамаша! Жақсы!

            Жаңа тақырыпты реакция арқылы тақтаға жазып түсіндірді. ҚБ:Түсіндім! Сұрағым бар! Түсінбедім! Қолы арқылы көрсетті.

Одан кейін жеке-жеке оқушылардың сабақты түсінгенін білу үшін сөз жұмбақ арқылы сұрақтар қойып шықты.Тақырыпқа байланысты яғни,Металдар тақырыбына айналым жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазып шықты онымен қоса тотығу дәрежесін қойып шықты.Соның арқасында металдардың тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін оқушылар білді. ҚБ: «ҚҚҚ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалады.Мен үшін- Қызық,Мен үшін- Құнды,Мен үшін -Қиын деп бағалады.Қортындылау кезінде «Венн диаграммасы» арқылы екі топқа тақырып беріледі.Диаграмма арқылы айырмашылығы мен ұқсастығтарын топ бойынша жазып постерге,топ бойынша тақтаға шығып қорғап шықты.Кері байланысқа «Бес саусақ» әдіс арқылы оқушылар ашық сабақтан алған әсерлерін жазып шықты.Оқушыларды балдық жүйемен бағалап шықты.

Сабаққа қатысқан мұғалімдердің ұсыныстары:

Акбергенова М.Р: Сабақта оқушылардың белсенділігі аз болды. Формативті бағалауды жоғары  қойдың. Жалпы сабақ жоспарланған уақытымен болды. Бірнеше формуланы теңестірмей кетті.Тотығу дәрежелерін жақсы қойып шықты.

            Секлибаева Г.Н: Бағалауды жоғары қойдың.Сабақта екі-үш бала қатыспай отырды.

            Армия Е:Сабақ жақсы өтті.Оқушылар «Әуенді қобдиша» әдісінде белсене қатысты.

«Қойшыбек орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Шолпанкулова Ақ

[spoiler]

маралдың           7 «А» сыныбына «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбы бойынша өткізген ашық сабаққа талдауы    

       Бұл сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспардың «Қысқаша көбейту формулалары» бөлімі бойынша №12 сабақ. Сабаққа 21 оқушыдан 17 оқушы қатысты, 4 оқушы ауырған себептен қатыспады.                                                                                                                                                                Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:7. 1.2.14

тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

Оқыту мақсаттарынан туындаған сабақтың мақсаттары:     Қысқаша көбейту формуласын тұжырымдайды,формулалардың көмегімен өрнектерді түрлендіреді,қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіру барысында қолданады.

      Сабақтың басы психологиялық ахуалдан басталып,жұптық ,топтық жұмыстар соңына дейін барлық кезеңдер сақталып заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өтті. Мұғалім сабақта формулаларға бағытталған тиімді тәсілдермен тапсырмалардың бәрін қамтыды. Әр тапсырмадан кейін оқушылармен кері байланыс жасап, қалыптастырушы бағалауды түрлендіріп бағалап отырды. Сабақта төмендегі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. 

  • «Смарт сағат» әдісі (түсі бойынша топқа бөлу және бағалау)
  • «QR код» әдісі (үй тапсырмасын тексеру және программада сәйкесін табу) 
  • «Білім банкоматы» әдісі (топтық жұмыс оқушылар банкоматқа сұраққа жауап беру арқылы ақша жинайды)
  • «Сандықшадағы тапсырма» әдісі (жеке тапсырма доллар түрінде берілген сандықтан тапсырма алып орындау)
  • «Миға шабуыл» әдісі (тез есептеу жолдарын ұсыну) 
  • «Ақиқат-жалған» (wordwall программасында қорытынды сұрақтарға жауап беру)
  • «Каспий терминал» әдісі (сабақтың соңы рефлексия карточкаға жазу)                                                                            

        Оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Әсіресе, барлық білім- алушылар қысқаша көбейту формулаларды ажырата алатындығын көрсетті. Сонымен қатар «Ворд вол» программасында оқушылар тапсырмаларды орындап берді. Формулаларды жаттамаған әлі де қалыптаспаған  оқушылармен  жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім оқушылардан  жауап берген кезде бір сөзбен емес, сұрақ бойынша толық жауап беруді талап етіп отырды. Оқушылардың тапсырмаларын бұрын орындаған оқушыларға ұсынған тапсырмасы жүзеге асты. Мұғалім жоспарлаған іс-әрекеті мен сабақтың мақсатына жетті. 




 

 

 





7– 9

22.01.21ж

16.00

математика

физика

информ-ка

Бірлестік мүшелері