«Шұғыла» қазақ тілі және әдебиеті ӘБ -нің «Тіл – халық қазынасы» атты онкүндігі » Қойшыбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қойшыбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шұғыла» қазақ тілі және әдебиеті ӘБ -нің «Тіл – халық қазынасы» атты онкүндігі
25
февраль
2023

«Шұғыла» қазақ тілі және әдебиеті ӘБ -нің «Тіл – халық қазынасы» атты онкүндігі

Еңбекшіқазақ ауданы ББ «Қойшыбек орта мектебі» КММ

«Шұғыла» қазақ тілі және әдебиеті ӘБ -нің

«Тіл – халық қазынасы» атты онкүндігі


         Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие ісі және   әдістеме ісі Іс жоспары,  «Шұғыла» қазақ тілі және әдебиеті ӘБ -нің жылдық  іс жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2023 жылдың 13-24 ақпан аралығында «Тіл – халық қазынасы» атты онкүндігі өтті.

         Онкүндік жоспары 10.02. күні директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары М.Акбергенова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алпысбаеваның қатысуымен ӘБ мүшелерінің отырысында талқыланып, ұсынылатын ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралардың тақырыбы мен мақсаттары талданды. Ұстаздар өздері ұсынған тақырыптар негізінде өтілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралардың әр кезеңін дәлелдейтін әдіс тәсілдерін ашып айтты.  Мұнда оқушының жас ерекшелігі мен қабылеті басты назарда болды. Ұстаздарға директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары М.Акбергенова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орын басары Г.Алпысбаева өз ұсыныстарын айтып, сабақтың қысқа мерзімдік жоспарларын  директордың бекітуіне келісетіндерін айтты. Ұсыныстар негізінде онкүндік жоспары жасалып, онкүндіктер бұрышы тақырыпқа сәйкес безендірілді, мұнда оқушыларға сөзжұмбақтар мен  оқуға ұсынылатын шығармалар атаулары, ұлы классиктердің қанатты сөздері ілінді. Акт залына ілінген А.Байтұрсыновтың пен басқада тіл жанашырларының суреттері мен өнегелі сөздері онкүндіктің мән мағынасын аша түскендей етіп безендірілді.

          13.02.2023ж. күні ӘБ мүшелері І ауысым оқушылары үшін сағат 10-25, ІІ ауысым оқушылары үшін сағат 15:25 апталықтың ашылуын өткізді. Оқушыларға логикалық жұмбақтар мен  сөзжұмбақтар ұсынылды, дұрыс жауабын айтқан оқушылар қазақтың ұлттық тағамдары болған бауырсақ және құртпен марапатталды.


14.02.2023ж күні сағат  09:40- 10:25 та О.Малсак 10 «А» сыныбында «Бейімбет Майлин. "Шұғаның белгісі" хикаяты» тақырыбында ашық сабағын өткізді. 

 

15.02.23 күні сағат13:05-13:50 де 8 «А»сыныбында  Ү.Армия «Мұхтар Әуезов  (1897-1961)«ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында сыныптан тыс сабағын көрсетті.

17.02.2023ж   күні 14:00-14:45-те  6 «А» сыныбына   Г.Орашбаева «Оралхан Бөкеев «Тортай мінген ақбоз ат» әңгімесі»  тақырыбында ашық сабақ берді. 



Осы күні сағат  12:15 Ж.Смагулова дайындаған 7 «А» және 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Білгірлер отауы» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. 

21.02.2023ж күні сағат 12:00-ге жоспарланған О.Малсак Г.Орашбаеваның ұйымдастыруымен өтуі керек  5-9 орыс сыныптары оқушыларына арналған «Мен қазақша сөйлеймін»  байқауы қаржылай демеушінің бос болмай қалуы себебімен    өткізілмеді. Бұл шара наурыз айында өткізіледі деп жоспарланды.

Осы күні 7 «А» сыныбында сағат 16:35-17:20-да  Ж.Смагулова «Ас адамның арқауы»  тақырыбында ашық сабақ өтті. 



23.02.2023ж күні сағат 08.50-09:35-те Ү. Армияның   8«А» сыныбында  «Жасөспірімдік кезең және бала құқығы» тақырыбында ашық сабағы болды.

24.02.2023ж күні сағат 16-00-де ӘБ мүшелері  мектеп кітапхана меңгерушісі, мектеп кәсіподағының  қаржылай демеушілігімен онкүндік қорытындыланды. «Ақын елдің ардағы » атты ақынмен кездесу кешіне  8-11 сынып оқушылары мен ұстаздар шақыртылып, олар Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  Төлеген Айбергенов атындағы сыйлық пен Керімқұл шешен атындағы сыйлықтың лауреаты ақын Ахмет Жұмағалиұлы Өмірзақпен кездесті. Ахмет Өмірзақ. Сондай-ақ, «Ақиқаттың рухы»  атты поэзия кітабы мен «Парасат парақтары» атты (Бегабат Ұзақовпен бірігіп жазылған) көрнекті жазушы Молдахмет Қаназ шығармашылығына арналған әдеби-эсселер кітабының авторы. Кеште ақын өлеңдері мен өмір жолын оқушылар жатқа оқып, әнмен көмкеріп, жырмен зерледі. Ақын оқушыларға кітап оқудың болашақта берер пайдасы мен кемел келешектің негізі екенін түсіндіріп, өз өмір жолынан мысалдар айтты. Ауған соғысының аяқталғанына 34 жылдығы орайында өрбіген сұрақтарға жауап берген ақын өзінің ауған жерінде өткен екі жылдық өмірінен үзінді әңгіме айтты. Оқушылар қойған сұрақтарға көркем мысалдармен жауап беріп, кештің көрігін қыздырды. Кеш соңында оқушылар ән мен күйден шашу шашып, естелікке ақыннан қолтаңба алды, суретке түсті. 







Сонымен қатар, апталық бұрышында ұсынылған сөзжұмбақтардың шешімін тапқан және  оқуға ұсынылған шығармаларға сурет салған 2-10 сынып оқушылары марапатталды.

        2022-2023 оқу жылындағы жылдық  іс жоспарына сәйкес 13-24 ақпан аралығын дағы «Тіл – халық қазынасы» атты онкүндігі осылай есте қаларлықтай сәттерімен қызықты  өтті.


«Шұғыла» қазақ тілі және әдебиеті ӘБ -нің жетекшісі:                          Г.Т.Орашбаева