2022-2023 оқу жылының басталуы туралы бұйрық » Қойшыбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қойшыбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы бұйрық
31
август
2022

2022-2023 оқу жылының басталуы туралы бұйрық

«Алматы облысы білім басқармасының

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Қойшыбек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Бұйрық № 44-ө 


Қойшыбек ауылы                                                                     2022 жылғы 31 тамыз

                                                          


2022-2023 оқу жылына оқу-тәрбие 

үрдісін ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығын, «Жалпы білім беру ұйымдарының түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығын және Ы. Алтынсарин ҰБА «2022-2023 оқу жылында ҚР Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып 2022 жылғы 31 тамыздағы № 1 Педагогикалық кеңестің шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:


1. 2022-2023 оқу жылында штаттық форматта мынадай:

- оқу жылы басталғанға дейін педагогтер мен техперсоналдың 100% ревакцина-циялануы қамтамасыз етілсін;

- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін үнемі жүргізу;

- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау үй-жайларда ылғалды жинау жүргізуді қамтамасыз ету директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Алпысбаевқа міндеттелсін.

2. Сабақ ұзақтығы - 45 минут, 1-сыныптарда сатылы режим сақталсын.

реті

Сабақ уақыты

Үзіліс

Сабақ уақыты

Үзіліс

1-сыныптар сатылы режим негізінде

қыркүйек айына 35 минуттан

қазан айынан оқу жылының соңына дейін

1

08:50 - 09:25

10 минут

08:50 - 09:25

10 минут

2

09:35 - 10:10

15 минут

09:35 - 10:10

15 минут

3

10:25 - 11:00

10 минут

10:25 - 11:00

10 минут

4

11:10 - 11:45


11:10 - 11:45


                                      МАДТ және 4-сыныптар бойынша

реті

Сабақ уақыты

Үзіліс

Сабақ уақыты

Үзіліс

МАДТ

4-сынып

1

09:00 - 09:30

10 минут

08:00 - 08:45

10 минут

2

09:40 - 10:10

10 минут

08:55 - 09:40

15 минут

3

10:20 - 10:50

10 минут

09:55 - 10:40

10 минут

4

11:00 - 11:30


10:50 - 11:35

15 минут

5



11:50 - 12:35


                                 2-3 сыныптар бойынша

реті

Сабақ уақыты

Үзіліс

Сабақ уақыты

Үзіліс

2-сынып

3-сынып

1

13:05 - 13:50

10 минут

13:05 - 13:50

10 минут

2

14:00 - 14:45

15 минут

14:00 - 14:45

15 минут

3

15:00 - 15:45

10 минут

15:00 - 15:45

10 минут

4

15:55 - 16:40

15 минут

15:55 - 16:40

15 минут

5

16:55 - 17:40

10 минут

16:55 - 17:40

10 минут

                                 5-11 сыныптар бойынша

реті

Сабақ уақыты

Үзіліс

Сабақ уақыты

Үзіліс

І ауысым

ІІ ауысым

1

08:00 - 08:45

10 минут

14:00 - 14:45

15 минут

2

08:55 - 09:40

15 минут

15:00 - 15:45

10 минут

3

09:55 - 10:40

10 минут

15:55 - 16:40

15 минут

4

10:50 - 11:35

15 минут

16:55 - 17:40

10 минут

5

11:50 - 12:35

10 минут

17:50 - 18:35

10 минут

6

12:45 - 13:30

10 минут

18:45 - 19:30


7

13:40 - 14:25





І ауысым:                                                     ІІ ауысым:    

Бастауыш сынып – 4/1 «А,Б», 4 «А,Б»     Бастауыш – 4 / 2 «А,Б», 3 «А,Б» 

Негізгі сынып – 4 / 8 «А,Б», 9 «А,Б»        Негізгі сынып – 6 / 5 «А,Б», 6 «А,Б», Жоғарғы сынып – 3 / 10 «А», 11 «А,Б»                                     7 «А,Б»                                    

3. Дене шынықтыру сабақтары ауа райына қарай таза ауада өткізілсін.

4. Кездесулер, мәжілістер, педагогикалық кеңес, ата-аналар жиналысы және мәдени-бұқаралық іс-шаралар офлайн форматта өткізілсін.

- МАДТ, 1-11 сыныптарда электронды (kundelik.kz) журналы қолданылсын. 

- оқушылардың білімін бағалауда «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы және енген өзгерістер мен толықтырулар басшылыққа алынсын.

- формативті бағалау жүйесі барлық сыныптарда қолданылсын.

- мектеп қызметкерлерінің 5 күндік жұмыс аптасы, МАДТ және 1-11 сыныптар-дың 5 күндік оқу аптасы бойынша режимі бекітілсін.

- мұғалімнің жұмыс уақыты сабақ уақытынан 15 минут бұрын басталады.              

- сынып жетекшілер өз сыныбының сабағы басталғанға дейін 15 минут бұрын келеді және аяқталғаннан кейін 15 минуттан кейін қайтуы керек.

- сабақ арасындағы үзілістер мұғалімнің жұмыс уақытына кіреді.

- әр аптаның сенбі-жексенбісі қызметкерлердің демалыс күні болып бекітілсін.

- оқу жылының басталуында бекітілген іс-құжаттарды жыл ішінде түзетушілікке  рұқсат берілмейді.

- оқушыларды сабақтан себепсіз босатып жіберуге қатаң тыйым салынады.

- білім алушылар ауылдан тыс жерлерде өткізілетін жарыстарға, конкурстарға т.б. іс-шараларға ата-анасының келісімімен, білім бөлімінің немесе мектеп директорының рұқсатымен ғана жіберіледі.

- сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар жоспарға сай мектеп директорының бекітуімен ғана рұқсат етіледі. 

- мұғалімдердің сырт киіммен сабақ өтуіне, қатысуына және оқушылардың сабақта сырт киіммен отыруына қатаң тыйым салынады.

- мұғалімдер оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстырады, ереже қатаң түрде сақталады.

- әр сыныпта жетекші өзіне бөлініп берілген сынып бөлмесінің санитарлық талапқа сай болуына, сыныптағы жиһаз, терезе әйнектері, есіктердің, парта, орындықтардың, қабырға және еденнің бүлінбеуіне тікелей жауап береді.

- 10 және 11 сыныптағы ТОЖ вариативті компонентінен «Жаһандық құзіреттілік» пәніне бөлінген сағаттар «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ нұсқауы негізінде «Александровка мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына берілсін. 10 «А» сынып - 6 оқушы 1 апталық сағат, 11 «А,Б» сынып - 17 оқушы 2 апталық сағат.

- директордың немесе орынбасарларының келісімінсіз мектепке фотографтардың, лекторлардың, әр түрлі үйірмелер мен секцияларды насихаттаушылардың т.с.с. бөтен тұлғалардың қызметіне, өзге тұлғалардың репетиторлық қызметіне тыйым салынады.

- мектептің әр түрлі мұқтаждықтарына ата-аналардан, оқушылардан, мұғалімдерден, сынып жетекшілері қаражат жинауына рұқсат етілмейді.

    5. Бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г. Секлибаева мен Г. Алпысбаеваға жүктелсін.



           Мектеп директоры                                       А. Торгеев




Бұйрықпен таныстым                          Г. Секлибаева

                                                               Г. Алпысбаева