Әлеуметтік педагогтың оқу жылына арналған жұмыс жоспары » Қойшыбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қойшыбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік педагогтың оқу жылына арналған жұмыс жоспары
31
август
2022

Әлеуметтік педагогтың оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Әлеуметтік педагогтың оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Әлеуметтік педагогтың SMART мақсаты:

  • Әр балаға кедергісіз жалпыға бірдей білім алуына   жағдай жасау;
  • Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің материал жинауына көмек көрсету.
  • Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету, ЖББ қорынан көмекті үйлестіру;
  • Әлеуметтік қорғауды қажет ететін оқушылармен кешенді жұмыстар жүргізу;
  • Жарты жыл сайын әлеуметтік-педагогикалық процесте мониторинг өзгерістерді біле отырып түзету жұмыстарын жүргізу.


Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен бағыттары:

• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;

• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету;

 • Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту;

 • Балалардың мектеп алды даярлығын қамтамасыз ету;

 • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен «Мектепке жол”  акциясын басшылыққа ала отырып, мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын ұйымдастыру;

• Мектеп жанындағы жазғы демалыс орталықтарына, жағдайы төмен отбасы балаларының тартылуын қадағалау.