Ата аналар комитеті туралы ереже » Қойшыбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қойшыбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата аналар комитеті туралы ереже
06
сентябрь
2022

Ата аналар комитеті туралы ереже

Ата аналар комитеті туралы ереже

1.Жалпы ереже

1.1.Ұсынылған Ереже білім беру мекемесіндегі ата-аналар коитетінің өзін-өзі басқару қызметін реттейді.

1.2.Ата-аналар комитеті білім мекемесіндегі оқушылардың білім алуы  мен тәрбиесін асыру мақсатында құрылады.
 1.3.Ата-аналар комитеті туралы Ереже мектептің жалпы ата-ана жиналысында қабылданады және білім беру мекемесінің бұйрығымен бекітіледі; аталған Ережеге өзгертулер мен толықтырулар белгіленген тәртіппен енгізіледі.
 1.4.Комитет жалпы ата-аналар жиналысына бағынады және есеп береді. Комитет өкілеттілігі 1 жылға белгіленеді. 
 1.5.Комитет құрамының санын білім беру мекемесі өзі анықтайды.
 1.6.Комитет өз жұмысын төмендегідей ұйымдастырады:
 -жұмыстың жеке бағытын жүзеге асыру мақсатымен құрылған тұрақты немесе уақытша комиссияның
 жұмыстарын ұйымдастыратын  төрағаны   бірінші отырыста сайлайды;
 -білім беру мекемесінің алдында қойылатын міндет пен құзіретті есепке ала отырып,оқу жылының жұмыс жоспарын жасайды;
 -өзінің құрамының жартысынан көбі қатысқан отырыста қарастырылатын сұрақ бойынша басым дауыспен шешім қабылдайды (отырыс хаттамаланады).
 1.7.Комитет шешімі білім беру процесіне қатысу үшін ұсыныс болып табылады.
 
1.8.Білім беру мекемесі бойынша шығарылатын бұйрықты жүзеге асыратын шешімдер ғана міндетті болып табылады.
 
 2. Комитеттің негізгі міндеттері
 
2.1.Білім беру мекемелерінің басшыларына:
 - жалпылай білім беру жүйесінің қалыптасуына,оқушылардың денсаулығын,өмірін сақтауға,жеке тұлғалық қасиеттің қалыптасуына және еркін дамуына жағдай жасау;
 - Оқушылардың заңды құқығы мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.
 2.2.Білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (заңды өкілдермен) олардың құқықтары мен міндеттері туралы,баланың отбасындағы жан-жақты дамуының мағынасын түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
 2.3.Отбасы мен білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымы мен отбасының тәрбиелік ықпал етуін нығайту.
 2.4.Ата-аналар қоғамын білім беру мекемесінің өміріне,ата-аналар мен қоғам арасындағы педагогикалық насхаттарды белсене ұйымдастыруға қатыстыру.
 2.5.Білім беру мекемесінің басшыларына мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектеседі.
 
 3.Ата-аналар комитетінің қызметі 
 
3.1.Білім беру процесін ұйымдастырудағы оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
 3.2.Білім беру басшыларына  түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын өткізеді
 3.3.Мектеп ішіндегі  іс-шараларды өткізуге көмектеседі.
 3.4.Тәрбиеленушілердің ата-аналары мен /заңды өкілдер/олардың құқығы мен міндеттері бойынша  Білім беру мекемесінің басшылығымен бірге оқушылардың сапалы тамақтануы мен медициналық қызмет көрсетілуінің ұйымдастырылуын бақылайды.
 3.5.Білім беру мекемелерінің басшыларына жалпы ата-аналар жиналысын ұйымдастырып өткізуге көмектеседі.
 3.6.Комитеттің құзіреттілігіне енетін білім беру мекемесінің актісі бойынша сұрақтарын талқылайды.
 3.7.Білім беру процесін жүзеге асырудағы қауіпсіздік жағдайларын,санитарлық-гигеналық ережелер мен нормаларды орындауды ұйымдастыруға қатысады.
 3.8.Балалардың отбасындағы тәрбиесіне байланысты ата-аналар үшін жиналыс,баяндама,лекция,әңгіме сағаттарын ұйымдастырып өткізеді.
 3.9.Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымымен қарым-қатынас жасайды.

4.Ата-аналар комитетінің құқығы:

4.1.Басқаруды жетілдіру жөніндегі басшылық пен білім беру мекемелерінің өзін-өзі басқару органдарына ұсыныс енгізуге, олардың қаралуы жөніндегі қорытынды туралы ақпарат алады.
 4.2.Балаларды тәрбиелеу мәселелері жөніндегі мекемелер мен ұйымдарға түсіндірме алады.
 4.3.Білім беру үрдісінің қорытындылары туралы білім беру мекемелерінің басшылығынан, басқа басқару органдарынан ақпарат тыңдайды және алады.
 4.4.Тәрбиеленушілердің құқықтарын орнату бөлігіндегі білім беру мекемелерінің жергілікті актілерін талқылауға қатысады.
 4.5.Отбасында балаларын тәрбиелеуден ауытқыған ата-аналарға қоғамдық айыптау шығарады.
 4.6.Комитетте белсенді жұмыс атқарғаны үшін тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды өкілдерін) марапаттайды.
 4.7.Өз функцияларын өте жоғары деңгейде орындауы үшін Комитет мүшелерінің жетекшілігімен тұрақты немесе уақытша комиссиялар ұйымдастырады.
 4.8.Бекітілген құзіреті шеңберінде жергілікті актілерді әзірлейді және қабылдайды.
 4.9.Комитеттің төрағасы педагогикалық кеңестің, Жарғыны, тәртіпті, тәрбиеленушілердің құқықтарын сақтау мәселелері бойынша басқа да өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына (Комитетті бұдан әрі ақпараттандыру арқылы) қатысады.
 
 5.Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі
 
Комитет жауапты:
 5.1.Жұмыс жоспарын орындауға.
 5.2.Шешімдерді орындайды, ұсыныстарды жүзеге асыруға.
 5.3.Білім беру мекемесінің басшылығы, педагогикалық қызметкерлер мен отбасылық және қоғамдық тәрбие мәселеріндегі оқушылардың ата-аналары арасында өзара түсіністік пен қарым-қатынасты орнатуға.
 5.4.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сапалы шешімдерді қабылдауға.
 5.5.Комитеттің жеке мүшелерінің немесе барлық Комитеттің әрекетсіздігіне.
 5.6.Комитеттің жұмысына ат салыспайтын оның мүшелері төрағаның ұсынымы бойынша сайлаушылармен (жалпы ата-аналар жиналысымен) орнынан алынады.

6.Ата-аналар комитетіндегі іс жүргізу жұмысы

6.1.Комитет өз отырыстары мен жалпы ата-аналар жиналысының хаттамаларын Білім беру мекемелерінде іс жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.
 6.2.Жоспарлар, жасалынған жұмыс туралы есептер, отырыстардың хаттамалары білім беру мекемелерінің кеңсесінде сақталады. Сақталу мерзімі үш жылдан кем емес.
 6.3.Комитеттің іс жүргізу жұмысы төрағаға немесе сайланған хатшыға жүктеледі.

Ата-аналар комитетінің  жауапкершілігі

Комиссия

Міндеттері

Жауаптылар

Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру

-отбасы мен мектептің арасындағы байланысты нығайту;

-мектепішілік іс-шаралардың ұйымдастырылуына ата-аналар қоғамын тарту;

-білім алу жүйесін ұйымдастыруға,жақсы жағдай  туғызуға көмек көрсетеді /оқулықтарды алуға,әдістемеліктерді алуға,жасауға/

Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мүшелері

Қылмыстың алдын алуға байланысты

-оқушылардың арасында қылмысты болдырмауға,бос уақыттарын тиімді де,мақсатты пайдалануға мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып көмек көрсетеді;

-құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымымен қарым-қатынас жасайды

мүшелері

Оқушылардың тамақтануы мен медициналық қызметті ұйымдастыру

-оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыруға;

-медициналық қызмет көрсетілуінің ұйымдастырылуын бақылауға;

-санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды орындауға қатысады.

 мүшелері

Шаруашылық және мектептің бюджетінен тыс материалдық көмек көрсету

-мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;

-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруға;

-өз еркілерімен көмек көрсететін ата-аналардың есебінен,мектептің бюджетінен тыс материалдық көмек ұйымдаструға;

-нашар қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

-қайырымдылық қорды ұйымдастыруға көмектеседі

мүшелері

Күзет және қауіпсіздік ережесін сақтау

-оқушылардың денсаулығын,өмірін сақтауға,еркін дамуына;

-білім беру процессін жүзеге асырудағы қауіпсіздік жағдайларын сақтауға көмектеседі

мүшеле